• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Мамыр, 2022

Украинада бензин мәселесі бірінші орынға шықты

184 рет
көрсетілді

Киевтегі жанармай құю бекеттерінде жанармай жеткізудегі үзіліс салдарынан ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұзақ кезекке тұрып қалғандарға тек қана 10 литр бензин сатып алуға болады. 

«Соңғы күндері кейбір жанар-жағармай құю бекеттері арнайы рұқсатпен бензин сата алса, кейбірі жанармай құю бекеттерінде бензин сатылмайды. Тек әскери және кәсіпкерлік құрылымдарда қызмет ететіндерге ғана арнайы рұқсат берілген», делінген жергілікті БАҚ хабарламасында. 

Елдегі бензин мәселесі тағы бірнеше аптаға созылады деп күтілуде. 

Айта кетсек, 7 мамырда Украина президенті Владимир Зеленский үкімет отырысын өткізіп, күн тәртібіндегі бензин мәселесіне қатысты: «Үкімет мүшелерінің басты міндеті – мұнай өнімдерін еуропалық порттардан біздің тұтынушыларға тасымалдауды жеделдету», деген еді.