• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Теннис 12 Мамыр, 2022

Шымкентте Challenger 80 турнирі өтіп жатыр

166 рет
көрсетілді

Қазақстандық Денис Евсеев Шымкент Challenger 80 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің 337-ракеткасы Евсеев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 416-орында тұрған үндістандық Сасикумар Мукундпен өткізді. Қазақстандық теннисші 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 38 минутқа созылды. Денис 3 эйспен бірге 20 брейк-пойнттың алтауын пайдалана алды. Қарсыласы 4 брейкпен көзге түсті. Д. Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы, ресейлік Евгений Карловскиймен таласады.

Өкінішке қарай, басқа қазақстандық теннисшілер жарыс жолынан шығып қалды.