• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Елорда 12 Мамыр, 2022

Елорданың бірқатар ауданында су уақытша тоқтатылады

2190 рет
көрсетілді

13-14 мамырда Нұр-Сұлтанда бірқатар ауданда су болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана су арнасы» мекемесінің мәліметінше, биыл 13 мамыр сағат 22:00-ден бастап 14 мамыр таңғы 09:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты елордадағы бірқатар ауданда су беру тоқтатылады.

Есіл ауданы:Мәңгілік ел даңғылы, Nova city тұрғын үй кешенінің аумағы,Заречный т.м, Тельман т.м, Пригородный т.м, BI Village/FamilyVillage, Қабанбай батыр даңғылы;

Алматы ауданы: Мыңжылдық аллеясы аумағы, Оңтүстік-Шығыс т.м, оң жағы, Қалдаяқов – Тәуелсіздік – Панфилов – Аманжолов көшелері, Бауыржан Момышұлы көшесі, Абылай хан даңғылы, Қордай көшесі, Айнакөл көшесі, Рақымжан Қошқарбаев, Мұқан Төлебаев, Кенен Әзірбаев көшелері, A-62, Жаңа теміржол вокзалының аумағы, Темірбек Жүргенов, Баянтау, А-98, Шәмші Қалдаяқов көшелері, Жұмекен Нәжімеденов, Ахмет Байтұрсынұлы, Дипломатиялық қалашық көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Иван Панфилов, Анатолий Храпатый көшелері, Сарайшық шағын ауданы.

«14 мамыр сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін жоғарыда аталған аудандарда су құбыры желілерін іске қосу бойынша жұмыстарға байланысты қысым төмен болады. Елорданы сумен қамтамасыз ету үшін бұл жұмыстар жүргізілуі керек», делінген хабарламада.