Алматыда жоғалып кеткен 10 жастағы Геннадий Рагутько табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, бала дін аман.
«Бала аман-есен табылды. Белгілі болғандай, ол таныстарының үйіне қонған. Бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Қазір бала әкесінің жанында», деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бұған дейін Алматы полициясы 10 жастағы Геннадий Рагутько 10 мамыр күні түскі сағат 12:00 шамасында үйінен шығып, содан оралмағанын хабарлаған болатын. Полиция мәліметіне сәйкес, оқушы бала бұған дейін де ата-анасын ескертпестен үйінен кетіп қалған екен.