Түркияда өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Гүлсая Ержан алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Гүлсая Ержан (81 келі) украиналық Олеся Крысюкпен қолғап түйістірді.
Қазақстандық боксшы рингте сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде ол жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.