• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 14 Мамыр, 2022

Елеусіновтың келесі жекпе-жегі қашан болатыны анықталды

160 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) маусым айында жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 25 маусымда АҚШ жерінде украиналық Иван Голубпен (20-1, 15 КО) қолғап түйістіреді.

Triller Fight Club промоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатқан бокс кешінде Елеусінов пен Голуб 12 раунд бойы жұдырықтасады.