Аталған факті полиция басқармасында тіркеліп, тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15:50-де М.Әуезов көшесінде «Лада-21074» маркалы автокөлігін басқарған 48 жастағы жүргізуші іргелес аумақтағы көлікке жол бермеген.
- Салдарынан «Kia Rio» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Аталған көлік қозғалыс траекториясын өзгертіп, тұрған көлікке соғылған, - деді департаментте.«Лада» жүргізушісі мен жолаушылары түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.