• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Мамыр, 2022

Алматыға жақын қашықтықта жер сілкінді

251 рет
көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 15 мамыр күні Алматы уақытымен 1 сағат 48 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 328 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,7, магнитудасы – 4,6. Жерасты дүмпуі 10 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.