• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Мамыр, 2022

Павлодарда 1,5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті

288 рет
көрсетілді

Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Толстой көшесі, 90 мекенжайындағы тұрғын үйде болды. Қыз тоғызыншы қабаттан дүкеннің үстіне құлаған. 

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға ауыр бас сүйек-ми жарақаты, травматикалық шок диагнозы қойылған.

«Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол инотропты қолдау және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», деп мәлімдеді дәргерлер.

Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.