• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Мамыр, 2022

Шомылуға рұқсат етілген жерлерді мобильді қосымша арқылы көруге болады

347 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандықтар шомылуға рұқсат берілген немесе тыйым салынған су айдындары туралы мәліметті мобильді қосымша арқылы ала алады.

«Ересектер мен балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-профилактикалық жұмыс үздіксіз жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері БАҚ-қа арналған 135 брифинг өтті. Радио және теледидарларда біздің өкілдер 4261 рет эфирге шықты. Сонымен қатар газеттер мен журналдарда 587 мақала жарияланды. Сол сияқты әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде судағы қауіпсіздік ережелері бойынша 52 бейнеролик орналастырылып, күн сайын көрсетіліп жатыр», деді Бауыржан Сыздықов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Сондай-ақ комитет басшысының мәлімдеуінше, халық арасында 120 мыңнан астам жадынама таратылып, су айдындарында 2 мыңнан астам қауіпсіздік белгілері орнатылды.

«Азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу шарасы ЖОО-да ұйымдастырылып жатыр. Осы күнге дейін 1,5 млн адамды қамтыған 854 интерактивті сабақ және жиын өтті. Одан басқа, «2GIS» картографиялық платформасында (мобильді қосымша) еліміздің барлық өңіріндегі су айдындарында шомылуға тыйым салынған (4994) және рұқсат етілген (490) орындар туралы мәліметтер орналастырылды», деп қосты ол.