• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 16 Мамыр, 2022

Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады

155 рет
көрсетілді

Әлемнің 191-ші ракеткасы атанған қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингте 145-орында тұрған америкалық Митчелл Крюгерге қарсы шықты.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 6:0 есебімен ұтты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған тартысты додада қазақстандық спортшы 1 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді.

Енді Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін Аргентина өкілі Родригес Таверна немесе словакиялық Филипп Хоранскидің біреуімен кездеседі.