Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың Түркия Республикасы Жандармериясы Бас қолбасшысының орынбасары генерал-лейтенант Мұса Читилмен кездесуі өтті.
Делегация құрамында жандармерия оқу полкінің командирі, полковник Мехмет Челик, жандармерия мектебінің командирі, Йенифоча қаласындағы терроризмге қарсы командос мектебінің командирі, полковник Ахмет Четин және Бас қолбасшының адъютанты, сержант-майор Ерсин Гексой болды.
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы қонақтарға құқықтық тәртіп әскерлерінің құрылу және қалыптасу тарихы, оның қызметі, құрылымы және атқаратын міндеттері туралы айтып берді. Кездесу өзара түсіністік және жылы шырайлы атмосферасында өтті, онда тараптар екіжақты қатынастардың кең спектрі бойынша пікір алмасты және ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан әрі қадамдарды белгіледі.
Түркияның әскери-оқу орындарында білім беру және әскери кадрларды даярлау сондай-ақ Ұлттық ұланның 6 506 әскери бөлімінің Қаратау тау-кен Оқу орталығы базасында жандармерия арнайы мақсаттағы бөлімшелері үшін курстар ұйымдастыру саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ мәртебелі мейман генерал-лейтенант Читил Мұса Бас қолбасшылықтың аумағындағы «Достық аллеясына» ағаш отырғызды.
Жұмыс сапары аясында түрік делегациясы Алматы облысындағы Ұлттық ұланның 5 574 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығында болды. Онда Түркиядан келген әскери қызметкерлерге оқу орталығының жауынгерлік мүмкіндіктері көрсетіліп, оның негізгі нысандары бойынша экскурсия жүргізілді.
Делегацияның сапары елордалық жедел бригадада жалғасты, онда олар әскери қызметшілердің материалдық-техникалық жабдықталуымен, тұру және тұрмыс жағдайларымен, сондай-ақ әскери бөлімнің қару-жарағы мен жауынгерлік техникасының көрсетілім көрмесімен танысты.