• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2022

Ташкентте қазақстандық университеттердің филиалы ашылады

253 рет
көрсетілді

Премьер-Министр бейнеконференция байланысы режимінде Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізді. Үкімет басшылары кеңейтілген құрамда сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы, сондай-ақ су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.  

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 33%-ға өскен. Екіжақты тауар айналымын $10 млрд дейін жеткізу үшін алдағы бес жылға Практикалық іс-қимыл жоспары қабылданды.

Сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Өзбекстанға ет-сүт өнімдерін, балық және одан жасалатын өнімдерді экспорттауға мүдделі екені айтылды. 

Ташкентте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалдарын ашу мәселесі пысықталып жатыр.