• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2022

Каспий теңізіне батып кеткен екі адамның денесі табылды

218 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында мамандар Каспий теңізіне батып кеткен екі адамның денесін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, құтқарушылар суға батып кеткен екі адамның денесін тапқан.

«Ол – Қарағанды қаласының тұрғыны, 1999 жылы туған. Суға батқан үшінші адамның денесі де табылды. Ол – Ақтау қаласының тұрғыны, 1999 жылы дүниеге келген. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды», деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше Каспий теңізінде 3 адам суға батып кеткен еді. Төртінші адам өлімнен аман қалған. Жастар шомылуға тыйым салынған 4-шағын ауданда ішімдік ішкен.