• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2014

Адасқан Кеша үйіріне қайта оралды. Бұған «Барыс» та мәз

402 рет
көрсетілді

Хоккейден Қазақстан құрамасының қорғаушысы Кевин Даллмэн Астананың «Барыс» командасына қайта оралды. Ол ұжыммен жаңадан 3 жылға келісім-шартқа отырды. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады. 33 жастағы Кевин Даллмэн Қазақстанға 2012 жылы питерлік клубтан ауысып келген болатын. Кевин 22 сәуірде Астанаға ұшып келіп, ұлттық құрама сапында алдағы әлем чемпионатына дайындықты бастамақшы. «Барыстың» бас жаттықтырушысы Ари-Пекка Селин Финляндияда іссапармен жүргендіктен, Даллмэнмен келісім-шартқа отыру ісіне қатыса алмаған. Оның командаға қайта оралғанын жанкүйерлер жылы қабылдап жатыр. Фанаттар хоккейшінің атына білдірген жылы лебіздерін интернет желілері арқылы жеткізуде. Осы маусымда ҚХЛ-да 39 матч өткізген Даллмэннің есебінде 18 (7+11) ұпай бар. Жалпы, ол 295 ойын өткізіп, одан 239 (92+147) ұпай жинаған. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Экспресс К». Фото: khl.ru.