ШҚО-да ауыл көшесіне көпбалалы ананың есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстағы Ертіс ауылдық округінің әкімдігі Комсомол көшесі атауының өзгергенін жеткізді. Енді көше Нұрғаным Құсайынова есімімен аталады.
«Нұрғаным Бағыбайқызы - көпбалалы ана, ол алты баланы тәрбиелеп отыр. Құсайыновтар отбасының барлық балалары округтің қоғамдық өміріне белсене қатысады», деп түсіндірді әкімдік.