• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2022

Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген

373 рет
көрсетілді

16 мамырда Каспий теңізіне қызғылт-сары түсті белгісіз сұйықтықтың төгілгені туралы видео тарады. Осыдан кейін облыстық экология департаменті төгілген сұйықтықты анықтап, аталған мекемеге шара қолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған факт бойынша Маңғыстау облысы экология департаментінің экологиялық бақылау және зертханалық-талдама бөлімінің мамандары жедел жұмысқа кіріскен.

«Нәтижесінде №13 Өрт сөндіру бекетінің техникалық цистернасы тесіліп, ішіндегі өрт сөндіру гидранттарынан алынған 500 л су теңізге төгілгендігін анықтады. Шолу жүргізу барысында теңіз суының сынамалары алынды. Сондай-ақ №13 Өрт сөндіру бекетінің өкілдері аталған мәселе бойынша түсініктеме берді. Алдағы уақытта экология департаменті қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдайды», деді Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі.