• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2014

БҰҰ сарапшылары Қазақстандағы шолуға дайындыққа оң баға берді

231 рет
көрсетілді

Астанаға 7-11 сәуір аралығында  Қазақстанның БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенция қағидаларын жүзеге асыру барысын шолу мақсатында Пәкстан және Катар сарапшылары келіп қайтты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шолу барысында БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенция қағидаларын іс жүзінде қолданудың практикалық мысалдарымен танысқан сарапшылар мемлекеттік органдармен қатар, үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен  де жүздесті. Бұл кездесулердің қорытындылары бойынша, Пәкстан мен Катар сарапшылары елдік сапар ұйымдастырылуының жоғары деңгейін атап өтіп, қазақстандық тараптың шолуды өткізуге «тиянақты дайындығын» оң бағалады. Шолу туралы елдік баяндаманы дайындау үшін сол елге сапар маңызды шарт болып табылады. Шолудың түйіндемесін БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) дайындап, Конвенцияның жүзеге асырылу барысын шолу жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобының кезекті 2014 жылғы маусымда өтетін мәжілісіне ұсынылады деп күтіліп отыр. Анар Төлеуханқызы. Дереккөз: egemen.kz.