23 мамырда еліміздің өңірлеріндегі шалғай жатқан станциялар мен разъез тұрғындарына медициналық қызмет көрсету үшін арнайы пойыздар жолға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пойыздар 13000 км-ден астам қашықтықты жүріп өтіп, шалғай орналасқан Толтыр, Афанасьево, Бегімбет, Никельтау сияқты стансалар мен разъездерге барады. Биыл 200-ге жуық станса мен разъезді қамту жоспарланып отыр.
Дәрігерлер алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. Медбригадалар құрамында терапевт, педиатр, ЛОР, кардиолог, офтальмолог, стоматолог және т.б. мамандар бар.
«Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары арнайы жабдықталған 8 мамандандырылған вагоннан тұрады. Дәрігерлер күніне ондаған науқасты тексереді. Медициналық пойыздар жұмыс істеп тұрған стансаға білікті мамандардың тексеруінен өту үшін өзге елді мекендерден де тұрғындар келеді», делінген хабарламада.