• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 18 Мамыр, 2022

Оқушылар мен ата-аналар QR код арқылы шағымдана алады

445 рет
көрсетілді

Қазақстан мектептерінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі веб-сайтқа QR-кодтары бар тақтайшалар орнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы аясында Bala Qorgau интернет-ресурсын іске қосты.

«Енді мектептерде Bala Qorgau веб-сайтының QR-коды мен мекенжайы бар арнайы тақтайшалар орнатылады, онда оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады. Оқушылар мен ата-аналар анонинмді түрде көмек сұрай алады немесе білім беру ұйымдарындағы заңсыз әрекеттер туралы хабарлай алады. Өтініш жасағандарға анонимділікке кепілдік беріледі», делінген БҒМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствода нақтылағандай, QR-тақтайшалар Нұр-Сұлтан мен Алматының бірнеше мектептерінде орнатылған.

«Алдағы уақытта олар басқа білім беру ұйымдарында да орнатылатын болады. Қазірдің өзінде 100-ден астам өтініш түсті, олар негізінен балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасы мәселелеріне қатысты», деп қосты ведомство.