Алдағы күндері Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі байланыс тобының отырысы өтеді. Бұл туралы Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«БҰҰ Бас хатшысы ұсынған гуманитарлық мәселелер бойынша байланыс тобы құрылды, оның ішінде БҰҰ, Түркия, Ресей және Украина бар. Біз алдағы күндері техникалық деңгейде отырыс өткізуді жоспарлап отырмыз», деді Чавушоглу Вашингтонда сөйлеген сөзінде.