• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 18 Мамыр, 2022

Доллар арзандады

327 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10 тиынға арзандады. 1 доллар 432, 69 теңге болды.

Ұлттық банктің 18 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 432, 79 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 434, 53 теңге, сатып алу – 438, 72 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 434,02 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 436,66 теңге.