• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Президент 18 Мамыр, 2022

Мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен сөйлесті

187 рет
көрсетілді

Қырғызстан Президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және Қазақстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің даму перспективалары талқыланды. Осы ретте Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарланған ресми сапарына ерекше назар аударылды.

Президенттер алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.