Елордадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратына жарылғыш зат бар деген хабар түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы аталған ведомствоның БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті.
«Қазақстан темір жолының ғимаратына жарылғыш зат қойылған деген жасырын хабар келіп түсті. Ол туралы құзырлы органдарға хабарланды. Сондай-ақ ғимарат ішіндегі қызметкерлер жедел эвакуацияланды», дейді Қайсар Жұмабайұлы.
Одан бөлек, ҚТЖ өкілі қосымша ақпарат үшін құзырлы органдарға хабарласу керектігін айтты.