• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Мамыр, 2022

Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды

460 рет
көрсетілді

Ақтөбеде есірткі сатты деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Күдікті азамат қалалық полиция бөлімінің қызметкері болып шыққан. Оған қатысты қылмыстық кодекстің «есірткі заттарын дайындау, сақтау және сату» және «қызметтік жалғандық жасау» баптары бойынша іс қозғалған. Оның бар мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Полиция старшинасы қамауға алынды. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіптік комиссияның шешімімен полиция қызметкері ішкі істер органынан босатылды, полиция бөлімінің бастығы атқаратын қызметінен босатылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге ақпарат жариялауға жатпайды», дейді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.