«Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаражатты ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаражат ұрлағаны анықталды. Ұрлық қосалқы бөлшектер құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін бұрын пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк шлемофондарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған. Тергеу барысында зауыт директорының бірінші орынбасары Қ.Р. Сүлейменов танкілерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына 1985-2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды», делінген хабарламада.
Семей қаласы сотының үкімімен Қ. Сүлейменов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.