• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Мамыр, 2022

Түркі академиясы қазақ колөнеріне арналған екі кітап шығарады

807 рет
көрсетілді

23 мамыр күні елордада «Қазақ ою-өрнегінің Атласы», «Қошетер» қазақ халқының қолөнері» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылдың 23 мамыры күні, сағат 15:00-де елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың «Қазақ ою-өрнегінің Атласы», «Қошетер» қазақ халқының қолөнері» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырғалы тұрған қазақ мәдениетінің бай мұрасын насихаттайтын тағылымды шараға еліміздің танымал этнографтары, өнертанушы, мәдениеттанушы ғалымдары және суретшілер мен зергерлер қатысады.