• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2014

Әйелдер саясаттан тыс қалмайды

287 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззәт Сүлеймен «БҰҰ-Әйелдер» көп елдік бөлімшесі штаб-пәтерінің өкілдері – халықаралық сарапшы Габриэлла Бардалмен, сондай-ақ, бағдарламалық мамандар Марта Вал және Ольга Ханмен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Рес­публикасы Орталық сайлау комиссиясының әйел­дердің саясатқа қатысуын ілгерілету саласындағы қызметін, сондай-ақ, аталған бағытта бұдан әрі ынтымақтасу мүмкіндіктерін талқылау болды. Кездесу барысында Ләззәт Сүлеймен ха­лық­аралық сарапшыларға Қазақстан әйелдерінің сай­лау үдерісіне қатысуына байланысты кейбір ста­тистикалық деректерді ұсынды. Бұл ретте ол әйелдердің Қазақстан Республикасы Парла­мен­тінің Мәжілісіндегі жоғары өкілдігін, сондай-ақ, әйелдердің жергілікті өкілді органдар – мәслихат­тарға сайлауға қатысу белсенділігінің тұрақты түрде арту үрдісін ерекше атап өтті. Өз тарапынан «БҰҰ-Әйелдер» бөлімшесінің штаб-пәтері өкілдері ұсынылған ақпаратты талдау қорытындылары негізінде, сондай-ақ, осы салада жүзеге асырылып жатқан жобаларды, кемшіліктер мен ынтымақтастықтың әлеуетті салаларын ескере отырып, бағдарламалық құжат дайындалатынын айтты. Кездесу соңында тараптар екіжақты ынты­мақ­тастықтың одан әрі кеңейіп, нығаятынына сенім білдірді. «Егемен-ақпарат».