• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Мамыр, 2022

Ақжайық резерватының аумағында өрт болды

544 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртенді. Облыстық төтенше жағадайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, өрт 19 мамырда тұтанған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Каспий теңізінің жағалауына ғарыштан мониторинг жүргізу кезінде 19 мамыр сағат 16:15-те «Ақжайық» табиғи резерватының аумағында өрт ошағы тіркелді. Резерват қызметкерлерінің мәліметін тексеру кезінде қамыс өртінің Атырау қаласынан 25 шақырым қашықтағы Каспий теңізінің жағалауында тұтанғаны анықталды. Өрттің аумағы - шамамен 5 гектар», деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Өрт сөндіруге «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 10 адам, 2 қайық, 2 мотопомпа тартылған.

19 мамырда 3 гектар аумақтағы өрт сөндірілді. Жалынды сөндіру әлі де жалғасып жатыр.

Айта кетсек, бұл «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тіркелген алғашқы өрт емес. Бұдан бұрын 21 сәуірде аталған резерватта 9 гектар қамыс өртеніп кеткен еді.