Ел ішіндегі таланттарды іздеп тауып, халқымыздың асыл қазынасы – ән мен күйді тереңірек насихаттауды мақсат еткен “Маңғыстау жұлдыздары” облыстық өнер фестивалі мәресіне жетті. Дәстүрлі фестивальде биыл 2 мыңнан астам адам өз өнерлерін ортаға салды. Аймақта бесінші рет ойдағыдай өткен байқаудың жүлдегерлері әдеттегіден көп болды. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне жүлдегерлерге халқымыздың қаһарман ұл-қыздары Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев, Х.Доспанова, М.Сүйеубаев, М.Бегенов сияқты батырлар атындағы жүлделер белгіленгені құптарлық деуге болады.
Сөйтіп, бұл жылғы бас жүлдеге жаңаөзендік өнерпаздар ие болып, оларға автокөліктің кілті табыс етілді.
Жоламан БОШАЛАҚ, Маңғыстау облысы.