• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2014

Мемлекеттік қызметті үйлестіруші кеңес құрылды

339 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің «Қазақстан Рес­пуб­­ликасының мемлекеттiк қыз­метшiлерiн даярлау, қайта даяр­лау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын бекіту ту­ралы» №1457 Жарлығына сәй­кес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұй­ры­ғымен мемлекеттік қызмет­ші­лерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша үйлестіру кеңесі құрылды. Кеңес құрамына агенттіктің, мемлекеттік басқару ака­­де­миясының өкілдері, мем­лекеттік органдардың жауапты хатшылары, облыс, қала­лар және аудандар әкімдері аппа­раттарының жетекшілері, өңірлік оқыту орта­лықтарының директорлары енді. Кеңестің бірінші отырысы биылғы 10 сәуір күні болып өтті. Жаңа құрылымның негізгі міндеті мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелері бойынша заңнамаларды жүзеге асыру тетіктерін құру және жетілдіруге бағытталған келі­сілген ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, білім беру ұй­ым­дарының өзара әрекеттері мен әріптестіктерін үйлестіру болып табылады. Агенттік төрағасының орынбасары Ә.Көмекбаев төрағалық еткен отырыста мемлекеттік қыз­метшілерді орталық және өңірлік деңгейде оқыту мәселесі жан-жақты қарастырылды. Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижесі бойынша тиісті ұсы­нымдар қабылданды. Сәкен МАЙЛЫБАЙ.