• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2022

Түркістанда дәрілік шөп қазған 23 шетелдік ұсталды

747 рет
көрсетілді

Арыс ауданының полиция қызметкерлері далалы жерде өсетін, емдік қасиеті жоғары дәрілік кеурек (ферула) шөбінің сөлін қазып, заңсыз әрекет еткен 23 өзбекстандық азаматты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, олар далалы алқапқа шатыр тігіп, кеурек қазып жүрген.

«23 азамат ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша жауапқа тартылып, ел аумағынан аластатылды. Ал жұмыс беруші Қазақстан азаматына 519-бап (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ел заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды», деп хабарлады ведомстводан.