• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бизнес 23 Мамыр, 2022

Елімізде жас кәсіпкерлер көбейіп келеді

763 рет
көрсетілді

Бір жылдың ішінде жасы 29-дан аспаған кәсіпкерлердің саны 36%-ға өскен. Осылайша жас кәсіпкерлердің үлесі 18%-ға артып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom сайтына сілтеме жасап.

Сәуір айында елімізде жасы 29-ға толмаған бизнесмендердің саны 211,9 мыңға жеткен, яғни, бір жылда бірден 36,4%-ға артқан.

Бұл кезеңде жалпы жеке кәсіпкерлердің саны 8,3% өсіп, 1,2 млн адамға жеткен. Бір жыл бұрын олардың жалпы кәсіпкерлердің арасындағы үлесі 14,5% болса, биыл 18,2%-ға жетіп отыр.

Жынысқа қарай жіктесек, жас кәсіпкерлер арасында ерлердің саны басым – 109,1 ер, 102,8 мың әйел. Алайда ауылдағы жас кәсіпкерлердің үлесі әлі де болса аз. Жастар санатына жататын 158,4 мың кәсіпкер қалада тіркелген. Ал ауылдағылардың үлесі - 25%-дың айналасында. Бірақ биыл ауылдағы жас кәсіпкерлердің саны да айтарлықтай өскен – 30,9% немесе 53,4 мың.

Жастар арасында бөлшек және көтерме сауда ең тартымды сала болып тұр. Мұнда 73,6 мың адам кәсіп ашқан.

Өңірлер арасында Алматы (33 мың) және Нұр-Сұлтан (24,7 мың) қалаларында жас кәсіпкерлер көбірек тіркелген. Тізімнің соңында Солтүістк Қазақстан (2,6 мың), Павлодар (5 мың) және Ақмола (5,5 мың) облыстары тұр. Бір қызығы 6 өңірде жас кәсіпкерлердің арасында әйелдердің үлесі басым. Әсіресе Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары алғашқы үштікте. Ал Солтүстік Қазақстан (39,2%) және Түркістан (40,5%) облыстарында нәзік жанды кәсіпкерлердің үлесі аздау.