Өмір бойына бас бостандығынан айырылған алматылық Игорь Джунов Қостанай облысында жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі («Екі және одан да көп адамды өлтіру») бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушы өткен жылдың қазанынан бастап Алматының тергеу изоляторында жазасын өтеп жатыр.
ҚАЖК ел аумағында 80 түзеу мекемесі бар екенін атап өтті. Олардың біреуі ғана Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/3 өмір бойына сотталған адамдарға арналған.
Джунов мерзімін өтейтін төтенше қауіпсіздік мекемесі Жітіқара қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан.
Айта кетейік, бұл мекемеде аса ауыр қылмысқа барған Владислав Челах пен Алматыда террорлық шабуыл жасаған Руслан Күлекбаев жазасын өтеп жатыр.
Еске салайық, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Ақбұлақ шағынауданында бес адамның өліміне қатысты іс бойынша басты сот процесі болған. Сотта Джунов отбасын үйінен шығаруға келген бес адамды қалай өлтіргенін айтып берді.