Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 23 тиынға арзандады. 1 доллар 424, 84 теңге болды.
Ұлттық банктің 23 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 425, 02 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,80 теңге, сатып алу – 429,08 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,18 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 427 теңге.