Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп SMS-хабарламалар арқылы ТЖ туралы халыққа ескерту жасау балама шешімін пысықтауда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол азаматтардың ұялы телефондарына мәтіндік хабарламаларды (12-20 секунд ішінде) жедел таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл SMS-хабарламалар арқылы халықты хабардар етудің балама шешімі.
Жобаның мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлар (ауа райының нашарлауы, жолдардың жабылуы және т.б.) туралы халықты уақтылы хабардар ету болып табылады. Бұл жүйе АҚШ, Жапония, Израиль, Голландия, Чили және Литвада өзін оң жағынан көрсетті. 23 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында осы жүйе сынамалы түрде іске қосылды.
Халыққа «Президенттік хабарландыру» және «Ұлттық хабарландыру» хабарламасы келді. Жүйе шетелде әзірленген және осы хабарламалардың атауы тестілік болып табылады. Алдағы уақытта хабарламалардың атауы «112» деп ауыстырылатын болады.