• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Мамыр, 2022

12 жастағы қызды тонаған ұры ұсталды

319 рет
көрсетілді

Алматы облысында 12 жастағы қызға шабуыл жасап, оны тонаған ер адам ұсталды, деп хабарлады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Қонаев қаласында болған. 21 мамырда 36 жастағы жергілікті тұрғын полицияға 12 жастағы қызын тонап кеткені туралы арызбен жүгінген. Мектеп оқушысына көпқабатты тұрғын үй кіреберісінде ер адам қоқан-лоқы көрсетіп, ұялы телефон мен құлаққабын тартып алған.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру әрекеттерінің арқасында күдікті ұсталды. Қылмыскер қала маңындағы Заречный кентінің 38 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі «Тонау» бойынша жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар