Нұр-Сұлтанда 14-16 маусым аралығында Сириядағы жағдайды бейбіт түрде реттеу бойынша келіссөздердің 18-раунды өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі барлық кепілгер елге және процеске қатысушыларға шақырту хаттарын жіберді. Енді олардың келісімін күтіп отырмыз», деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетсек, былтыр 22 желтоқсанда елордада өткен Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 17-халықаралық кездесуде тараптар келесі 18-кездесуді 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Нұр-Сұлтанда өткізуге келіскен болатын.