• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Мамыр, 2022

Референдум кезінде онлайн дауыс беруге бола ма

3158 рет
көрсетілді

Референдум кезінде онлайн дауыс беру тетігі қарастырылмаған. Бірақ бұл мәселе бойынша ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы уақытта Орталық сайлау комиссиясына ұсыныс жасамақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Референдум 2-3 жыл бұрын жоспарланған жоқ. Референдумды цифрлық түрде өткізу үшін технология жалпы дайын. Нақтыласам, жарты немесе 1 жыл уақыт берсе, дайындауға болады. Бірақ заңдылығын, ақпараттың қауіпсіздігін де ескеруіміз керек. Дауыс беру қалай өтті? «Базада өзі отыр ма, басқа біреу дауыс берді ме?» деген сұрақтар туындайды. Келешекте қолға алу үшін Орталық сайлау комиссиясына біз ұсыныс жасаймыз, бірге талқылаймыз», деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ақтөбеліктермен кездесуінде.