• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Мамыр, 2022

Ақтөбеде қараусыз қалған гараждан граната табылды

189 рет
көрсетілді

24 мамырда сағат 14:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы Авиатор-3 гараж кооперативінде қараусыз қалған гаражды бұзу кезінде граната табылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Арнайы бөлімше саперлері табылған гранатаны болжам бойынша Ф-1 әскери гранатасы екендігін анықтады.

Баллистикалық сараптама тағайындалды.

Полиция гараждың бұрынғы иесін анықтап жатыр.

ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.