• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2010

ҰРПАҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ДЕН ҚОЙҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

620 рет
көрсетілді

Түркістанда Қ.А.Ясауи атын­дағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Оқу клиникалық базасындағы Жүйке аурулары және шығыс медицинасы кафедрасының ұйымдастыруымен және фармацев­тикалық компаниялардың демеуші­лік етуімен “Жүйке ауруларының өзекті мәселелері” атты халықара­лық ғылыми-тәжірибелік конфе­рен­ция болып өтті. Оған Қазақ­стан, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның неврология мен нейрохирургия саласының жетекші ғалымдары мен маман­дары, сондай-ақ еліміздің бірқатар аймақтарынан келген невролог, нейрохирург дәрігерлер қатысты. Аталған конференцияда невро­логия мен нейрохирургиядағы өзек­ті мәселелерді шешу жолдарын іздестіру, талқылау мәселелері сөз болды. Бауырлас мемлекеттер бо­лып табылатын Қазақстан мен Түр­­кияның өзара туыстық, достық қарым-қатынасын, байланыстарын нығайту және дамыту мақсатында құрылған Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ өзінің ашылған жылдарынан бастап қазірге дейін республикалық және халықаралық дәрежедегі түрлі ғылыми, мәдени іс-шараларды тұ­рақ­ты түрде өткізіп келеді. Жо­ғары­дағы ғылыми-тәжірибелік басқосу да осының жалғасы іспетті. Университет президенті Лесбек Тәшімов оқу орнындағы тек меди­цина саласындағы соны жетіс­тіктер мен алдағы жоспарланған ауқымды шаралар жайында былай деді. Уни­верситетте медицина маман­дарын даярлау тұңғыш рет халықаралық стандартта жүргізіліп отыр. Бұл кіші болашақ бағдарламасын іске асыру барысында қолға алынуда. Біздің студенттер Түркияның екі университетінде ағылшын тілінде білім алып, сессия тапсырып келе­ді. Олардың ағылшын тілін мең­геруі үшін университеттің Тіл үйрету орталығы барлық жағдайды жасауда. Сондай-ақ тіл білуіне талап та жоғары. Сапалы маман даярлау біздің басты мақсатымыз. Медицина саласы бойынша еліміз­дегі білікті ғалым, дәрігер-педагог­тарды шақыруды жолға қойып жатырмыз. Әрине, халықаралық, әлемдік деңгейге жетуге көп күш жұмсау қажет. Елбасы тапсырма­сын Түркістан өңірінде асыруға сенім мол. Президент тапсырма­сына орай үлкен медициналық ғимарат және 500 орындық жатақ­хана салынғалы отыр. Сонымен қатар, Түркия тарапынан үш қабатты арнайы кітапхана, мешіт ашу жолға қойылуда. Бүгінгі таңда жалпы аурулар арасында жүйке жүйесі ауруымен ауыратындардың саны жыл санап өсіп келе жатқандығы мамандар тарапынан жиі айтылып келеді. Көптеген ғалымдар кейбір невроло­гиялық ауру түрлерінің клиникалық суреттемесі өзгеріске ұшырап, соның әсерінен науқастардың өз-өздерін ұстай алмай ашушаң мінез танытатынын, аталмыш дерттің ауыр, өткір түрде өтетінін айтып жүр... Неврологиялық патологиялар мәселесін талқылаудың маңызды­лығы сол, ол халықтың жас, еңбек­ке жарамды бөлігінің кемтарлыққа ұшырауына алып келеді екен. Балалар арасындағы жүйке жүйесі патологиясының бастапқыда анық­талмай қалуы өте жиі кездесе­тін құбылыс дейді дәрігерлер. Мұның үлкен әлеуметтік маңызға ие болып отырғандығы да содан болса керек. Сол үшін ертеңгі болашағымыз балалар арасындағы жүйке жүйесі бұзылысын емдеу ісін жетілдіру мен ауруды ерте анықтаудың маңы­зы жоғары екендігі де дәрігерлер басқосуында назардан тыс қалмады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, ТҮРКІСТАН.