Полиция қызметкерлері ғимаратты қоршауға алып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
«№2 мектеп ғимаратынан сымдармен жалғанған темір құрылғы табылды. Полиция қызметкерлерімен аталған аумақ қоршауға алынып, азаматтар толықтай эвакуацияланды. Қауіпсіздік мақсатында жарылғыш затты оқиға орнында жоюға шешім қабылданды. Осыған байланысты барлық қажетті қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жарылыс жасалды», дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мектептің шаруашылық саласы бойынша меңгерушісі қоймадан жарылғыш затқа ұқсас құрылғы тауып алып, дереу полицияға хабарлаған. Абырой болғанда білім ордасында оқушылар болмаған.
Салтанат Кенжебай