• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Тағайындау 25 Мамыр, 2022

Алматы облыстық жемқорлықпен күрес агенттігіне жаңа басшы тағайындалды

345 рет
көрсетілді

Мақсат Жебегенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын бітірген.

2002-2022 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында, оның ішінде ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Жаңа тағайындауға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болды.