Қазгидромет мамандары 28, 29 және 30 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Болжамға сәйкес, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
«28 мамырда солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, дауыл, бұршақ жауады. Түнде еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында 2 градус үсік жүруі мүмкін», делінген хабарламада.
Батыс аймаққа батыс антициклон әсер етеді, сондықтан жауын-шашын жаумайды. Ел аумағында жел күшейеді.
«Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы жоғарылайды: республиканың батысында, солтүстік-батысында 25-30 градусқа дейін, оңтүстігінде 33 градусқа дейін, солтүстігінде 23-28 градусқа дейін, орталығында 25-30 градусқа дейін болады», деп қорытындылады синоптиктер.