• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2022

Ақмола облысында 47 жастағы науқас ер адам іздестірілуде

325 рет
көрсетілді

Ақмола облысының Купчановка ауылындағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығынан кетіп қалған 47 жастағы науқас ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Сергей Иванович Шуваловтың жоғалғандығы туралы 27 мамырда сағат 12:40 шамасында хабарланған.

«Анықталғандай, ер адам Купчановка ауылындағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында емделіп жатқан. Сол күні сағат 10:00 шамасында мекеме аумағынан өз еркімен кетіп қалған. Қазіргі кезде оны іздеу шаралары жүргізілуде. Оның суреті мен ол туралы деректер полицияның аумақтық бөлімшелеріне жіберілді», деді ведомстводан.

Жоғалған ер адам үстіне сұр футболка, қара трико және ақ түсті бейсболка киген. Тәртіп сақшылары Сергейдің жүрген жерін білетін немесе көрген адамдар болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.