• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2022

Павлодарда 7 адам белгісіз заттан уланып қалды

354 рет
көрсетілді

Павлодар облысында 7 адам белгісіз заттан уланды. Адам шығыны бар, деп хабарлайды Egemen.kz өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Барлығы 7 адам зардап шекті. Оның 3-і үйінде қайтыс болды. Қалған 4 адам Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның ішінде 1 пациент аурухананың қабылдау бөлімінде тағы бір зардап шегуші реанимацияда жан тапсырды. Қазіргі уақытта 1 пациенттің жағдайы ауыр және 1 азамат қалалық №3 ауруханаға ауыстырылды», делінген ресми хабарламада.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған азаматтар белгісіз заттан уланған.

«Ауруханадағы пациенттерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», дейді ведомстводан