• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Референдум 31 Мамыр, 2022

Іргелі өзгерістерге жол ашады

441 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясында конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Жаңа Қазақстан» идеясы: бетбұрыстық нысана» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласы мәслихатының депутаты, жоғары оқу орында­ры­ның өкілдері, колледж дирек­торы, проректорлар, кафедра меңгерушілері, жастар ісі жө­нін­дегі комитетінің басшысы, академияның профессор-оқы­ту­шылар құрамы қатысып, референ­дум­ның маңызы жайлы ойларын ортаға салды.

Жиында референдумға қатыс­ты тың ойлар айтылды, сөз алған спикерлер Жаңа Қазақ­станды бірге құруға шақырды. Дүние­жү­зілік паралимпиядалық ойындардың жүл­дегері, академия түлегі, Алматы қалалық мәслихатының де­путаты Серік Есматовтың пікі­рі жиынға ша­қырылған студент­тер­дің наза­рын аударды. Ойын баласы кезінде пойыздың астына тү­сіп кетіп, екі аяғынан бірдей айырылған Серікті тағдыры сындыра алмады. Орта мектепті бітірген соң осы академияға оқуға қабылданды, көңілді тапқырлар клубының мүшесі ретінде түрлі іс-шараларды ұйымдастырды, дүниежүзілік паралимпиадалық ойындардың жүлдегері атанды.

Реформа қоғамды демократия­лан­дырудың шынайы қадамы екенін айтқан С.Есматов саяси науқанның іргелі өзгерістерге жол ашатындығын, азаматтардың мемлекеттік басқаруға неғұрлым кең қатысуын көздейтін, халық­тың қолдауымен еліміздің жаңа саяси жүйеге көшуіне барынша ықпал етуге бағытталғанын айтты. «Референдум билік үшін емес, халық үшін керек. Жаңа Қазақстан – әділеттілік ережелері қалыптасқан қоғамы бар мемлекет. 2019 жылы айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының өмір­дегі, практикалық көрініс­те­рінің бірі осы – референдум. Конституцияға енгізілген өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін транс­фор­ма­ция­лауға, Парла­менттің рөлін күшейту, халықтың елді бас­қа­руға қатысуын кеңейту, аза­мат­тардың құқықтарын қор­ғау­дың конституциялық тетік­т­ерін күшейту тәрізді іргелі өзге­ріс­тер­ге жол ашады», деп атап өтті С.Есматов.

 

АЛМАТЫ