• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Референдум-2022 31 Мамыр, 2022

Жаңа қоғамға алғашқы қадам

225 рет
көрсетілді

Amanat партиясының Ақмола облыстық филиалы жанынан Talqylau диалог алаңы ашылып, өз жұмысын бастады. Онда зия­лы қауым өкілдері «Референдум – Жаңа Қазақстанға алғашқы қадам» тақырыбында ой-пікірлерін ортаға салды.

Talqylau алаңында сөз сөй­леген партияның референ­дум­ды қолдау бойынша құрыл­ған республикалық штаб мү­ше­сі, «Ақмола-Тіршілік» серіктестігінің директоры, жазушы Жабал Ерғалиев: «Біз, Қазақстан халқы тарихтың жауапты кезеңінде тұрғандығымызды айқын сезінуіміз керек. Алдағы айдың 5 маусым күні өтетін референдум мемлекетіміздің жаңа болашағын анықтайды. Осы өзгертулер арқылы біз дамудың жаңа сатысына түсетін боламыз», деп алдағы референдумның ма­ңыз­­дылығына мән бере тоқтал­ды.

Жиналған қауымның өздерін толғантып жүрген көптеген сұ­рақ­тарына толыққанды жауап алуға мүмкіндік туды. Тікелей эфирде өткендіктен, әлеуметтік желі бойынша көрермендерден сан түрлі сұрақтар келіп түсті.

Сөйтіп, диалогтық алаң арқылы алдағы референдумның мән-маңызын халыққа жет­кі­зу мақсат етілді. Мақсат орын­дал­ған­дай.

Talqylau алаңы бір реттік эфир емес. Тұрғындарды тол­ған­дыратын түйткілді мәселелер алдағы уақытта да осы алаңда тал­қы­ланатын болады.

 

Көкшетау