• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 31 Мамыр, 2022

Президент Алматы қаласында бірқатар кездесу өткізді

277 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаған Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені және танымал кәсіпкер әрі меценат Рашид Сәрсеновті қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Kaspi.kz құрылтайшылары халықаралық деңгейде танымал финтех компаниясының қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективаларының жоспары туралы мәлімет берді.

Рашид Сәрсеновпен кездесу барысында отандық кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері, соның ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.