• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Мамыр, 2022

Атырауда VIP нөмір иелері салық төлеуден жалтарып жүр

282 рет
көрсетілді

Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмері белгілерін берудің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүргізу кезінде бюджетке ірі көлемде мемлекеттік бажды төлеуден жалтару фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Атап айтқанда, 2019-2021 жылдары ұсынылған МТНБ-дан 59 тұлғадан МТНБ үшін 14 млн теңгеден астам мөлшерінде мемлекеттік баж бюджетке түспеген, 78 тұлғадан 2,7 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік баж жеткіліксіз төленген, ал 52 қызмет алушы жалпы сомасы 14,4 млн теңге мемлекеттік баж төлеуден негізсіз босатылғаны анықталды, – деді Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Есқали Саламатов.

Осылайша, 2019-2021 жылдар кезеңіндегі мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетке 31,5 млн теңгеден астам залал келтірілді.